Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»  № 556 қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық  даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі . Сонымен қатар құжатта  экономика-ның шикізаттық  емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және  теңгерімді өсуін қамтамасыз етуді көзделген.

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілер құрылымдары бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-ынталарды қолдауды, кәсіпкерлік секторын сауықтыруды, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендетуді, кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді жүзеге асырады. 

Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

 

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

 

Бағдарламаның мақсаты

Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу мақсаты және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету

 

Бағдарламаның міндеттері

1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау міндеттері

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

 

Іске асыру мерзімі

2010–2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд теңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5%-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40%-ға ұлғайту;

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43%-ына ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту

Қаржыландыру көздері мен көлемі   

2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады


Бағдарламаны жүктеу