Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Холдингтің ақпараттық жүйелері

1. Басқарушы есептілік жүйесі 

Холдингтің Басқарушы есептілік жүйесі (БЕЖ) Еншілес ұйымнан Холдингке ақпарат беру және осы ақпаратты Холдингтің басқарушы құрылымының әр түрлі деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін кейінгі өңдеу  жүйесі болып табылады.
Жүйені құру мақсаттары Холдинг басшылығына:
  • Қойылған міндеттерге және ЕҰ тиімділік көрсеткіштеріне қол жетуді мониторингтеу;
  • ЕҰ мәліметтерін автоматты шоғырландыру және шоғырландырылған қаржылық есептілік, ЕҰ шоғырландырылған бюджетін алу арқылы  ақылға салынған және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектесу болып табылады.

2. Қазынашылық операцияларды басқару жүйесі.

Қазынашылық операцияларды басқару жүйесі – қаржы ағындары, ақшалай қаражат қозғалуы (қазынашылық қызмет) және тәуекелдерді басқару туралы ақпаратты өңдеу мен талдауға арналған автоматтандырылған жүйе.
Жүйені құру мақсаттары Холдинг жұмысына талдамалы есептілік үлгілері мен көрсеткіштерінің құрамын, өтімділікті талдау, тәуекелдерді талдау үшін басты көрсеткіштер жинағын әзірлеуге,  Қаржылық ағындар қозғалуы туралы ақпаратты біріктіру әдістерін әзірлеуде көмектесу болып табылады. 

3. Digital Baiterek

«Digital Baiterek» - ақпараттық жүйе, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, оның еншілес ұйымдары, қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық алаң болып табылатын, кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы. 

«Digital Baiterek» келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:
• «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ клиенттері үшін жағымды ақпараттық орта құру;
• Қағаз тасымалдауыштардан бас тарту және коммуникацияларды цифрлық түрге ауыстыру есебінен өнімділікті жоғарылату;
• Пакетті қызметтерді ұсыну мүмкіндігі және клиенттің «сипатын» алу;

4. «1С Бухгалтерия», 1С «Жалақы және Қызметкерлерді басқару»

Холдинг қызметкерлері «1С: Кәсіпорын» БҚ платформасында іске асырылған және бухгалтерлік және салық есебін қолданыстағы заңнамаға сәйкес автоматтандыруға, сонымен қатар, міндетті (регламенттелген) есептілік үлгілерін дайындауға арналған «1С Бухгалтерия 8», 1С «Жалақы және Қызметкерлерді басқару» жүйесінде жұмыс істейді.

5. Холдингтің, Еншілес ұйымдардың және ЭҚАБЖ электрондық құжат алмасу жүйелерінің электрондық құжат алмасудың ақпараттық жүйесі 

Холдингтің, Холдингтің Еншілес ұйымдарының және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесі арасындағы электрондық құжат алмасы жүйелерінің электрондық құжат алмасудың ақпараттық жүйесі. ЭҚАО жұмысының мақсаты Холдингтің ЭҚОЖ ЕҰ ЭҚАЖ және ЭҚАБЖ электрондық құжаттардың үздіксіз алмасуы болып табылады, ол әр түрлі құжаттарды, хаттарды алуды күту уақытын қысқартады, өзара әрекеттесуді цифрлық түрге ауыстыру есебінен өнімділікті жоғарылатады.

6. Ұжымдық жұмыс жүйесі 

Ұжымдық жұмыс жүйесі – компания қызметкерлеріне қолда бар құқықтар деңгейіне сәйкес өндірістік қызметті ұйымдастыру мақсатында ішкі және сыртқы желілердің әр түрлі ақпаратына қолжетімділікті ұсыну;
  • Қызметкерлердің тұрақты және/немесе уақытша топтарының аясындағы бірлескен жұмысы;
  • Қызығушылықтар немесе міндеттер бойынша корпоративтік қауымдастықтар құру;
  • Мәліметтерді сақтау және оларды басқару (жинау, іздеу, жүйелендіру);
  • Мәліметтерге қауіпсіз, дербестендірілген қолжетімділікті қамтамасыз ету (жұмыс орнынан, шалғайдан және мобильді құрылғылардан)