Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Жарғылық капитал құрылымы

Тіркелген (жарияланған) акциялардың саны, түрі – 5 000 086 550 (бес миллиард сексен алты мың бес жүз елу) дана, жай акциялар.
Жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны – 4 183 867 838 (төрт миллиард бір жүз сексен үш миллион сегіз жүз алпыс жеті мың сегіз жүз отыз сегіз) дана, жай акциялар.
Эмитенттің орналастырылған акциялар саны – жай акциялардың 758 318 712 (сегіз жүз он алты миллион екі жүз он сегіз мың жеті жүз он екі) данасы.
Бір акцияның номиналды құны (құрылтайшылар төлеген жағдайда) – 1 000 (бір мың) теңге.

Акционерлердің құрылымы:
Холдингтің жалғыз акционері болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
2013 жылғы 26 маусымда эмитент акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің функциялары таратылған Министрліктің құқық мұрагері болып табылатын жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді. Осылайша, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамамен және Холдингтің жарғысымен Жалғыз акционердің құзыреттілігіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдайды және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің лауазымды тұлғаларының бұйрықтарымен ресімдейді.
Холдингтің акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Акциялар арқылы берілген құқықтар:
1) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарына сәйкес Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығы;
2) Егер холдинг таза табысы болса, дивидендтер алу құқығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен таратылған кезде холдинг мүлкiн алу құқығы.