Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Жалғыз акционер

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Холдингтің Жалғыз акционері болып табылады.

2013 жылы  26  маусым күні  Холдинг  акцияларының мемлекеттік пакетіне ие болу және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне тапсырылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы
6 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған және таратылған министрліктің құқықтық мирасқоры болып табылатын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

2014 жылы 27 қарашада Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетіне ие болу және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігі заңнама мен Холдингтің Жарғысына сәйкес Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігінің өкілді тұлғалары бұйрықтарды рәсімдейді.