Холдинг Басқармасының тиімді қызметін келесі комитеттер қамтамасыз етеді:
- Жоспарлау және қызметті бағалау жөніндегі комитет Холдинг өкілдері үшін еншілес ұйымдардағы қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша, соның ішінде даму жоспарын бекіту кезінде, Холдингтің жылдық бюджетінің уақытында және сапалы бекітіліп, орындалуын қамтамасыз етуде бірыңғай ұстанымды қалыптастырады;
- Активтерді және пассивтерді басқару комитеті әртараптандыру, қаржылық тәуекелдерді оңтайландыру және қаржылық тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Холдингтің және еншілес ұйымдардың активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлейді ;
- Кадр саясаты жөніндегі комитет Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының персоналын басқару қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
- Инвестициялық комитет тиімділікті арттыруға, сондай-ақ Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызмет жөніндегі мәселелер бойынша бірыңғай саясат қалыптастыруына ықпал етеді.