Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Директорлар кеңесі

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Алма-Ата халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеген. Ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі жолды өтті.
1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды.
2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды.
2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап – «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.
2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі болып тағайындалды.
2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың 9 қыркүйектегі № 319 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.  
2016 жылғы 28 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің № 689 бұйрығымен директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин

Асқар Ұзақбайұлы Мамин


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

1965 жылғы 23 қазанда Целиноград қаласында туылған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
1996 - 2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі,Астана қаласының әкімі.
2008 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, 2008 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №04/08 КХГУА хаттамасынан үзінді).
2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
1998 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы – «Құрмет» орденімен, 2011 жылы – екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы – Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы – Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы – Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы – Құрметті теміржолшы, 2013 жылы – Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.   
2016 жылғы 28 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің № 689 бұйрығымен директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Смаилов Ә.А.

Смаилов Ә.А.


Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі

1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша  бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
1993-1995 ж. – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 
1995-1996 ж. – Алматы қаласындағы сауда және өндіріс бөлімінің бас маманы.
1996-1998 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 
1998 жылдың наурыз-сәуір аралығында Қазақстан Республикасы статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 
1998-1999 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 
 1999-2003 ж. – Қазақстан Республикасы статиститка агенттігінің төрағасы. 
2003 жылғы ақпаннан шілдеге дейін– Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі. 
2003-2006 ж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 
2006-2007 . - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 
2007-2008 ж. - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті
2008-2009 ж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 
2009-2014 ж. – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы. 
2014-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.
2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.  
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешевтің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 437 бұйрығына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.
ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты
Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.
2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.
2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.
2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.
Ж. Қасымбектің 2016 жылғы 28 шілдедегі  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 583 бұйрығына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.  
Қазақстан Республикасының азаматы.

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы


ҚР қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

1971 жылы 29-қараша күні Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық теникалық университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрші, экономист.
1994 - 1997 жылдар аралығында жетекші экономист,  Мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің бөлім бастығы.
1997  жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылықтың кассалық құралдар және мемлекеттік қарыз басқармасы бастығының орынбасары.
1997 - 1998 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік  департамент директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі  Департамент  директоры.
1998 - 1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999  - 2002 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік департамент директорының орынбасары, Мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002 -  2003 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік саясат Департаментінің директоры .
2003 - 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2006  - 2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы  вице-министрі.
2007 - 2010 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. .
2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасы  Президентінің көмекшісі ;
2012 жылдың 21-қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;
2013 жылы 06  қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалған;
2014 жылы 06 тамызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды;
2013 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э. Өтеповтың №471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығына сәйкес  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2013 жылғы  30  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №464 бұйрығына сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан Республикасының азаматы.

Досаев Ерболат Асқарбекұлы

Досаев Ерболат Асқарбекұлы


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы , Директорлар кеңесінің мүшесі

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
1997 - 1998 жылдар аралығында –  «Банк ТұранӘлем» ЖАҚ Басқармасы төрағасының орынбасары,  «АТФ Банк» ЖАҚ Басқармасының төрағасы.
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда  вице-министрі.
2000 - 2001 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2001 - 2003 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2003 - 2004 жылдар аралығында  –  Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,  Еуропалық қайта құру және Даму банкінің Қазақстандағы  басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Басқарма мүшесі.
2004 - 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
2006 - 2012 жылдар аралығында  –  «ҚазИнвестБанк» АҚ  Директорлар кеңесінің төрағасы.
2012  жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қаңтарына дейін  – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;
2013 жылдың 16 қаңтарынан  – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
2014 жылы 06  тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған;
2013 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э. Өтеповтың №471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығына сәйкес  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2013 жылғы  30  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №464 бұйрығына сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан Республикасының азаматы.

Клаус Мангольд

Клаус Мангольд


Тәуелсіз директор

1943 жылы 6 маусымда Пфорцхайм қаласында дүниеге келген, Германия. Профессор доктор Клаус Мангольд Мюнхен, Женева, Лондон, Майнц және Гейдельберг университеттерінде құқық пен экономиканы зерттеген.
1995 пен 2003 жылдар аралығында Германияда басқарушы қызметтерді атқарған соң ол DaimlerChrysler AG концерні басқармасының  мүшесі  және   Debis AG басқармасының төрағасы болды. Ал 2011 жылдан бері ол   TUI AG бақылаушы кеңесінің төрағасы, (Германия) және де Германиядағы басқа да бақылаушы кеңестердің мүшесі, оның ішінде  Metro AG, Alstom AG, Continental AG бар.
Ол Франциядағы Alstom S.A. және АҚШ-тағы  Ernst & Young бақылаушы кеңестері басқармасының мүшесі. Сонымен қатар  Клаус Мангольд Франкфуртта   Rothschild GmbH директорлар бақылаушы кеңесінің төрағасы болып табылады.
1999 - 2010 жылдары аралығында ол «Неміс Экономикасы Шығыс комитетінің» төрағасы болған.    2003 жылы Клаус Мангольд Штутгартта  IWB «Халықаралық бизнес консалтинг» компаниясын құрған.  2005  жылдан  бастап Клаус Мангольд  Ресей Федерациясының  Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы.
2013 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э. Өтеповтың №471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығына сәйкес  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2013 жылғы  30  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №464 бұйрығына сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор)  болып сайланды.
Германия Федеративтік Республикасының азаматы.

Филипп Йео

Филипп Йео


Тәуелсіз директор

1946 жылы   29  қазанда  Сингапурде дүниеге келген. SPRING Сингапур – Сингапур Үкіметін дамыту жөніндегі агенттіктің төрағасы, агенттіктің негізгі мақсаты, сингапурлық компаниялардың дамуына көмектесу, олардың тауарлары мен қызметіне сенім орнату болып табылады.
Йео мырза Біріккекн Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі, комитетті  Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес БҰҰ  Даму бағдарламасына орай қатысушы елдер арасында  мемлекеттік әкімішіліктеу мен басқаруды ілгерілету мен дамыту үшін құрған болатын. Йео мырза сондай-ақ интеграцияланған қалаларды дамыту және басқарумен, шетелдік үкіметтер мен мемлекеттік кәсіпорындарды индустриялады, даму мәселелері жөніндегі кеңес берумен айналысатын    Economic Development Innovations Singapore Pte Ltd  төрағасы.
Филипп Йео  2007 жылдың сәуірінен 2011 жылдың тамыз айына дейін Сингапур Премьер-Министрі кабинетінде экономикалық даму жөніндегі арнайы кеңесші болды.
2007  жылға дейін  Йео мырза ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі Сингапур үкіметтік агенттігі   A*STAR-дың төрағасы болды. Йео  мырза сондай-ақ  National Computer Board негізін қалады және оның бірінші төрағасы болды.
1986 жылдың қаңтарынан  2001 жылдың қаңтарына дейін Экономикалық даму жөніндегі Кеңестің төрағасы болды, сосын 2006 жылға дейін Экономикалық даму жөніндегі Кеңестің тең төрағасы болды.
Жекеменшік  секторда  Филип Йео бірқатар компаниялардың директорлар кеңесін басқарған, оның ішінде Сингапурлық Технологиялық  Холдинг,  Sembawang Корпорациясы және  CapitaLand. Қазіргі уақытта ол  Ascendas India Trust және  Accuron Technologies төрағасы Сондай-ақ ол  City Developments Limited және  Hitachi атқарушы емес директоры.
2013 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э. Өтеповтың №471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығына сәйкес  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2013 жылғы  30  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №464 бұйрығына сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.
Сингапур Республикасының азаматы.

Томас Миров

Томас Миров


Тәуелсіз директор

1953 жылы 6 қаңтарда Париж қаласында дүниеге келген, Франция. 1970 жылы Бонн университетін бітірген, 1975 жылы «Бесінші республика кезеңіндегі Францияның Еуропадағы саясаты» тақырыбында докторлық диисертация қорғады, сосын Германия Социалистік партиясы   төрағасы Вилли Брандтың аппаратына басшылық еткен.
2008 - 2012 жылдары аралығында Томас Миров Еуропалық қайта құру және даму банкісінің бесінші президенті болды.
Еуропалық қайта құру және даму банкінде жұмыс істегенге дейін Томас Миров Германияда бірқатар саяси қызметтерді атқарған. 1983 жылы Гамбург баспасөз қызметінің жетекшісі болды, сосын Гамбургтің мемлекеттік кеңсесіне басшылық етті. 1997 жылдан бастап  Гамбургтің экономика министрі болып тағайындалды.  2002 жылдан бастап Ernst & Young аға консультанты. 2005 жылы Германия қаржы министрлігінің  мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
Томас Мировтың компаниялардың директорлар кеңесінде көп жылғы тәжірибесі бар, оның ішінде   Deutsche Telekom, Daimler Chrysler Aerospace, KfW және  Гамбург кемежайы мен Гамбург әуежайы төрағасы ретінде.
2013 жылғы 25 маусымдағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э. Өтеповтың №471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығына сәйкес  Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2013 жылғы  30  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың «Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» №464 бұйрығына сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.
Германия Федеративтік Республикасының азаматы.

Тимур Мұхтарұлы Сүлейменов

Тимур Мұхтарұлы Сүлейменов


Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, директорлар кеңесінің мүшесі

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде ҚазКСР-да дүниеге келген. Павлодар Мемлекеттік университетін менеджмент мамандығы бойынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген, «Қаржы» мамандануымен бизнес магистрі, Ұлыбританияның алқалы есепшілер мен аудиторлар қауымдастығының сертификаттауынан өткен.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында бас кеңесші қызметінен бастаған, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болып қызмет еткен.

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-Министрі қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда Вице-Министрі болған. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) болды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 49 Бұйрығымен Директорлар кеңесі құрамына сайланды.