Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Директорлар кеңесінің комитеттері

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АУДИТ  БОЙЫНША КОМИТЕТІ

Аудит комитеті 2013 жылғы 25 қыркүйекте Директорлар кеңесіне Холдингтің қаржы-шаруашылық қызметіне иімді бақылау  жүйесін орнықтыру (оның ішінде  қаржылық есептің толық әрі шынайы болуы), ішкі бақылау мен тәуекелдіктерді басқару жүйелеріне сенімді де тиімді  бақылау  жүргізу,сондай-ақ  корпоративті басқару саласындағы,сыртқы және ішкі  аудит тәуелсіздігін  бақылау жөніндегі құжаттардың орындалуы туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.

Томас Миров – Комитеттің төрағасы

Клаус Мангольд – Комитеттің мүшесі

«Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің аудит бойынша комитеті туралы Ережесі (Жүктеу)

 

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КАДРЛАР, СЫЙАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИТЕТІ

Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелері бойынша комитеті 2013 жылғы 25 қыркүйекте Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын  арттыру мақсатында, Директорлар кеңесінің құзырындағы мәселелерді  тереңірек қарастыру,мониторинг жүргізу арқылы кадр саясаты саласындағы, тағайындаулар мен сыйақылар белгілеудегі қызметтерді, сондай-ақ жалпы алғанда Директорлар кеңесі мүшелерінің, Холдингтің Басқарма мүшелерінің, ішкі аудит қызметінің,корпоративті хатшының  және жекелей алғанда Холдингке жұмысқа тартылатын шетелдік мамандардың қызметтерін бағалау үшін құрылды.

Клаус Мангольд – Комитеттің төрағасы

Филип Йео – Комитеттің мүшесі

Томас Миров – Комитеттің мүшесі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелері бойынша комитеті туралы Ережесі (Жүктеу)

 

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БОЙЫНША КОМИТЕТІ

Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау бойынша комитеті 2013 жылы 25 қыркүйекте Директорлар кеңесіне Холдинг қызметінің (дамуының) басымдық бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын (даму стратегиясы), орта және ұзақ мерзімді болашақта Холдинг қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді  әзірлеу мақсатында  құрылды. 

Филип Йео –Комитеттің төрағасы

Клаус Мангольд – Комитеттің мүшесі

Жеңіс Қасымбек – Комитеттің мүшесі

Ерболат Досаев – Комитеттің мүшесі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің стретегиялық жоспарлау бойынша комитеті туралы Ережесі (Жүктеу)