Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Біз туралы

«Бәйтерек» Ұлттық  басқарушы холдингі  Қазақстан Республикасы Президентінің   2013  жылғы  22 мамырдағы  «Даму институттарын, қаржы  ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландырудың кейбір шаралары туралы» № 571  Жарлығымен  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы  «Қазақстан   Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру шаралары туралы» № 516 қаулысымен   құрылды.

Холдингтің негізгі міндеті - өзіне меншік құқығымен тиесілі болып келетін және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және өзге заңды тұлғалардың акциялар жиынтығын (қатысу үлестерін) басқару. Холдинг даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан   Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен құрылды. 

«Бәйтерек» холдингінің басты міндеттерінің бірі  - оның құрамына енген компаниялар  тобының   тиімді және өзара толықтырушы  функция атқаруын  қамтамасыз ету.

Холдингтің стратегиялық бағыттары

Экономиканың басым секторларына қаржылық көмек көрсету арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қолдау

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Экономиканың жаңа, заманауи салаларын қолдау және инновацияларды  дамыту

Қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау

Мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы мәселелерін шешуде қолдау көрсету

Холдинг  құрылымына  11 еншілес  ұйым  енеді:

- Ірі жобаларды және кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвес-тициялауға және экспорттық қолдауға,  индустриялық иннова-циялық дамудың 2014-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын даму институттары: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «ҚазынаКапиталМенеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры»АҚ,«ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС.

- Инновациялық қызметтің, шағын және орта бизнестің  дамуына қолдау көрсетіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырушы институттар: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

- Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысы жинақтары сала-сындағы жобаларды және «Өңірлерді дамытудың  2020 жылға дейінгі бағдарламасын»  іске асыруға қатыстырылған қаржылық ұйымдар мен ұлттық компаниялар:  «Қазақстанның тұрғын үй жинақтау банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ.

Холдинг рейтингтері

Fitch Ratings

2014 жылдың 14 шілдесінде Fitch Ratings компаниясы Холдингке ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін («ЭДР») «ВВВ+» шетел валютасымен, «А-» ұлттық валютасымен ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA (kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және «F2» шетел валютасымен қысқа мерзімді ЭДР тағайындады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам - «Тұрақты». Холдингтің рейтингтері Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтеріне сәйкес келеді.

2015 жылғы 13 шілдеде Fitch Ratings Холдингтің рейтингтерін: «ВВВ+» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР, «А-2» ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР, «AAA (kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін және және «F2» шетел валютасымен қысқа мерзімді ЭДР растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам - «Тұрақты».

2016 жылғы 6 мамырда Fitch Ratings шетел валютасында ұзақ мерзімді ҚР ЭДР төмендеуінен кейін Холдингтің шетел валютасында ұзақ мерзімді ҚР ЭДР «ВВВ+»-ден «ВВB» деңгейіне дейін, ұлттық валютада «A-» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін төмендеткен, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» деңгейінде расталған, шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР «F2» деңгейінде расталған. Ұзақ мерзімді рейтингілер бойынша болжам – «Тұрақты».

Standard & Poor’s

2014 жылғы 13 тамызда Standard & Poor’s Холдингке контрагенттің «ВВВ+/А-2» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін, сондай-ақ «kzAAA» ұлттық шәкілі бойынша рейтинг тағайындады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Теріс. Холдингтің рейтингтері Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтеріне сәйкес.

2015 жылғы 11 ақпанда Standard & Poor’s Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингтерінің төмендеуінен кейін Холдингтің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілерін «ВВВ+» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне дейін азайтты. Осы уақытта Холдингтің «А-2» деңгейіндегі ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері расталды. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Теріс Сондай-ақ Холдингтің ұлттық шәкіл бойынша рейтингі «kzAAA»-дан «kzAA+»-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы 10 шілдеде Standard & Poor's контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредит рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінен «ВВВ-/А-3» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzAA+» деңгейінен «kzAA» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеру болжамы - «Теріс». Рейтингтің төмендеуі мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін бағалаудың өзгеруімен байланысты.

2016 жылғы 24 ақпанда Standard & Poor's Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингісінің төмендеуінен кейін Холдингтің контрагенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша кредиттік рейтингілерін «ВВВ-/А-3» деңгейінен «ВВ+/B» деңгейіне дейін, сондай-ақ ұлттық шакала бойынша рейтингін «kzAA» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін төмендетті. Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».

2016 жылғы 30 маусымда Standard & Poor's Холдингтің рейтингісін растады: контр агенттің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемесі бойынша кредиттік рейтингісі «ВВ+/B», сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-». Рейтингілердің өзгеру болжамы - «Негативті».


"Бәйтерек" сөзінің этимологиясы

Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.

Бәйтерек – әдепкі өмір. Анағұрлым жиі кездесетін, көпшілік ертегілерде нақтылы жеке кездесетін сюжет мынадай: Кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзақ сапар шеккеннен кейін жыланды немесе үшбасты айдаһарды өлтіріп, Алып Қарақұс (Самұрық) деп аталатын алып құстың балапандарына көмектесетін жерде үлкен ағашқа кездеседі. Осы құс ризашылығы ретінде кейіпкерді жер бетіне шығарады. Ағаш – әлемдік ағаш, ал құс пен жылан – қарсы беттегі – жоғарғы немесе төменгі әлемдердің өкілдері. Олардағы мәңгілік қарама-қарсылыққа орталық әлемнің өкілін – адамды, ертегі кейіпкерін қосады.

Бәйтерек – әлемдік ағаш – өзімен әлем орталығын танытады. Ол – есік, әлемдер арасындағы қақпа, және әдетте мұндай ағаштардың әсерінен рәсімдік әрекеттер болып жатады. Бәйтерек тағы да әлемнің жазықтық үлгісі орталығында орналасады. Әлемнің жазықтық құрылымы: ағаштың оң жағында – ай, сол жағында – күн мен жұлдыз (айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын соңыңнан).    

Қазақтың «Қобыланды» эпосы мен Қашағанның «Адай тегі» дастанында әлемдік ағаш алтын жапырақты ағаш ретінде (алтай эпосында – алтын және күміс жапырақты), Қашаған дастанында тағы түрлі жемісті ағаш ретінде танылады.

Жарыспалы тұрған екі ағаштың немесе діңгектердің дәлелдері де сақталған. Әлемдік ағаш бейнесі некелік қарым-қатынастарды, ұрпақтардың сабақтастық байланысын, генеалогиялық ағашты символдап көрсетеді. Түркі халықтарында адамдар нәрестені ағаш түбінен алады (Адай туралы генеалогиялық аңыздың нұсқасын салыстырыңыз), немесе ата-бабалардың рухтары ағашта, бұтақтарда, жапырақтарда өмір сүреді деген сенімдер кеңінен тараған. Түркі-моңғол халықтарының сенімдеріне сай, бақсылық ағашының бұтақтарында төмен түскенде әйел құрсағына енетін балапан-рухтар өмір сүреді-міс.

Қазақ бақсыларында әлемдік ағаш киелі әулиелердің көрлері басында жерге қадалған аса таяқ, сонымен қатар діңгек ретінде танылады. Бұл жердегі символика анық: қада – баған өлген адамның рухы аспанға көтерілуі керек болатын және оның төменге түсуі мүмкін болатын әлемдік ағашты бейнелейді. Осы себептен қазақтар адам өлгеннен кейін найзаны түндік арқылы шығарған.

Бәйтерек сөзі қазақтардың ру-тайпалық таңбалық жүйесінде қолданылады. Мәселен, рулық ұран мен қаңлы тайпасының мифтік ата-бабаларының бірі – Бәйтерек. Түркілік мифтік-дәстүрлердің әлемдік ағашы сақ-якуттарда анағұрлым жақсы сақталған. Ол ал-лук-мас немесе пай-кайын (Қайың - қатын) деп аталады.

Дерекнама: Серікбол Қондыбай кітабы. Қазақ мифологиясы 5

Суретсипат: Люйко В.