Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі дамудың ішкі және сыртқы бағыттарын көрсетеді.

ІІшкі бағыт қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, оқыту және дамытуға, персоналдың корпоративтік мәдениетін қолдау жолымен барынша жайлы жұмыс жағдайларын құруға, сондай-ақ персоналдың қатысу деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік форматта оқу іс-шараларын жүргізу есебінен холдинг қызметкерлерін оқытуды толық қамтуға қол жеткізілді. Холдингтің компаниялар тобы персоналы қатысуының интеграциялық көрсеткіші 2016 жылы 76% құрады. Холдинг өзінің қызметкерлерін Қазақстан Респубикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген әлеуметтік кепілдіктермен және өтемақылармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қосымша әлеуметтік жеңілдік бағдарламалар мен жеңілдіктерді қолдануды жүзеге асырып дамытуда. Айталы, Холдинг қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерді медициналық сақтандыру жыл сайынғы негізде жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік жауапкершіліктің сыртқы бағыты түрлі мамандандырылған қорлар арқылы демеушілік және қайырылымдылық қызметіне және қаржылық көмек сұрап өтініш жасаған жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсетуге, сондай-ақ жас мамандар мен студенттерге арналған жоба мен бағдарлама арқылы жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.

2016 жылы Холдингтің демеушілік және қайырымдылық қызметі әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға, аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуге, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениет, ғылым пен білім беру салаларын қолдауға, салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды насихаттауға бағытталды.

Жастар саясаты шеңберінде «Назарбаев университетінің» студенттері үшін бірқатар уәждемелік шеберлік сыныптары жүргізілуде, соның нәтижесінде болашақ мандардың табысты еңбек қызметіне қажетті кәсібіи біліктілік қалыптастырылып және дамытылуда. Холдинг еліміздегі жоғары оқу орындарымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқан, студенттер мен жас мамандардың Холдингте оқу практикасы мен тағылымдамадан өту арқылы тәжірибелік дағдылануына жәрдемдесуде.