Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Тәуекелдерді басқару

Тәуекелдерді басқарудың   корпоративтік жүйесі  Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – ЕҰ) Холдингтің  барлық маңызды тәуекелдерін сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ осы тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдауға   бағытталған    кіріктірілген құрамдас бөлігі болып табылады.

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының активтерін және пассивтерін әртараптандыру  қағидаттарын сақтай отырып басқарудың тиімділігін арттыру, қаржылық тәуекелдерді оңтайландыру және Холдинг  тобының  қаржылық тұрақтылығын сақтау    мақсатында  2013 жылғы қыркүйек айында Холдингтің активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі комитет құрылды.

2013 жылғы қазан айында Холдингтің директорлар кеңесі  тәуекелдерді басқарудың тұжырымдамасы мен әдістерін көрсететін құжатты -  Холдинг тәуекелдерін басқару саясатын бекітті.

Саясат  Холдингтің барлық құрылымдық бөлімшелерін  және қызметкерлерін таныстыру және қолдану үшін   міндетті, сондай-ақ Холдингтің  еншілес ұйымдарына пайдалануға ұсынылады.  

Холдинг тәуекел-менеджменттің озық халықаралық тәжірибесіне сәйкес    тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіру бойынша  тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.    Бұл  жұмыста  тәуе-келдерді бағалаудың және бақылаудың әдіснамасын әзірлеу және өзектендіру, сондай-ақ  Холдингтің басқармасына және Директорлар кеңесіне ұсынылатын тәуекелдер бойынша  есептілік қамтылған. 

Холдингтің тәуекел-менеджменті саласындағы  басты міндеті  Холдингтің өз  тәуекелдерін басқарып қана қоймай,    еншілес ұйымдардағы  тәуекел-менеджментінің  рөлін және тиімділігін  белсенді  арттыруына байланысты  Холдингтің тәуекелдерді басқару департаменті барлық тәуекелдер бойынша есептіліктің орталықтандырылған  стандарттары  мен нысандарын енгізді, сондай-ақ ақшаны басқару, қарызға алудың және кредиттеу үдерістерін реттейтін құжаттар тізбесін әзірлеуге қатысты. 

Холдинг  басқару есептілігі,  соның ішінде,  тәуекел-менеджменті  бойынша автоматтандырылған жүйені енгізуді жоспарлап отыр, бұл басқармалық  шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараттың шұғылдығын және дәлдігін  елеулі арттырады.