Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Корпоративтік басқару қағидаттары

Менеджмент принциптері – олар холдингтің қызмет өткізу барысындағы ұстанылатын негізгі ережелері. Олар холдингтік компанияның тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп міндеттерді іске асыра отырып нәтижелерін барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді. Холдингтің қызметі үшін бастапқы негізі Президенттің 2013 жылдың 23 мамырындағы «Даму институттерінің, қаржы ұйымдарының басқарма жүйесін оңтайландыру жөніндегі бірқатар шаралар, және ұлттық экономикасын дамыту туралы" атты Жарлығы болып табылады.

Корпоративтік басқару

"Бәйтерек" Ұлттық Басқару Холдинг” АҚ (әрі қарай – холдингі) өзінің қызметінде корпоративтік басқару жүйесінің заманауи қағидаттарына негізделген. Холдингі корпоративтік басқаруды үш негізгі компоненттер арқылы бағалайды: құрылымы, үдерістер және ашықтық. 

Холдингтің бекітілген құрылымына сәйкес, жалпы басшылықты Директорлар кеңесі атқарады, ол компанияның қызметінде ағымдағы міндеттердің шешуін Басқармаға және оның Төрағасына тапсырады.  Холдингтің Директорлар кеңесінің міндеттігі және өкілеттігі ретінде компанияның перспективтік дамуы жөніндегі негізгі мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау кіреді. Олар Холдингтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне және Стратегияның қолайлы ережелеріне сәйкес. 

Холдингте оның негізгі құндылықтарын, сондай-ақ мүдделі компаниялармен  өзара іс-қимыл негіздерін анықтайтын Корпоративтік басқару кодексі қолданылады. 

Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін анықтау үшін еншілес ұйымдарда Холдингі диагностиканың өз әдістерін пайдаланады. Әдістемесі халықаралық озық стандарттарға негізделген. Диагностиканың мақсаты холдингті құратын компаниялардың құрылымды және жүйелі көзқарас арқылы бағалауды қолдана отырып және ең жақсы тәжірибе негізінде корпоративтік басқаруды дамытып КБ деңгейін арттыру болып табылады. Ағымдағы әдіс ең жақсы КБ тәжірибелеріне сәйкестік рейтингті анықтауға мүмкіндік береді және Холдингтің еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру үдерістеріне үнемі мониторинг жүргізудің құралы болып табылады.