Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Ішкі аудит

Ішкі аудит миссиясы тәуекелге бағытталған тәсілдеме, ұсыныстар беру және білім алмасу негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу арқылы ұйымдардың құнын сақтау және тиімділігін жоғарылату болып табылады.

Ішкі аудит жүйесінің қызметі Жарғы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы қағиданың және ішкі бақылау бағалаудың, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару  жүйелеріне ІАҚ өткізу талаптары мен тәртібін регламенттейтін басқа ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес әрекет ететін  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметімен (бұдан әрі – ІАҚ) қамтамасыз етіледі.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі аудит қызметінің артықшылықтары, басым жақтары келесілер болып табылады:

–     Халықаралық Ішкі аудиторлар институтымен (The Institute of Internal Auditors, IIA) ұсынылған Іші аудит кәсіби тәжірибесінің халықаралық негіздерінің ережелерін есепке алатын, ІАҚ кәсіби белгіленген мәртебесі, құзыреті және функционалы;

–     Аудит жөніндегі комитет, Директорлар кеңесі тарапынан ішкі аудит қызметіне білікті басшылық жасау, сонымен қатар атқарушы органның ІАҚ-мен конструктивті өзара әрекеттесуі;

–     Бекітілген стратегиялық мақсаттар, тәуекелдер мен бақылаулар тізілімі және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бизнес-үдерістерінің матрицасын есепке алумен анықталған аудит аумақтарының картасы негізінде тәуекелге бағытталған аудиторлық жұмыс жоспарларын қалыптастыру;

–     ІАҚ аудиторлық пайымдарының объективтілігі мен тәуелсіздігі, сонымен қатар, ІАҚ сенім тудыруға септігін тигізетін, аудит қатысушыларымен олардың міндетті алдын ала талқылануы.

ІАҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әдістемелерге сәйкес мерзімді түрде тексереді.

Тәуекелге бағытталған жұмыстар жоспарының міндеттеріне қосымша ӘАҚ жыл сайын 12.2014 № 1266 «<…> ұлттық басқарушы холдингтердің әкімшілік шығындарының жеке түрлерінің лимиттерін және <…> оларға мониторинг жүргізудің механизмін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының нормаларына сәйкес холдингтің әкімшілік шығындардың жеке түрлері лимиттерін орындауына мониторинг жүргізеді.